Украинадағы күрделі жағдайға байланысты елшілік азаматтарына автобус не пойыз арқылы көрші елдерге кетуге кеңес берді.
Қытай сыртқы істер министрлігі мен Қытайдың Украинадағы елшілігі Украинадағы күрделі жағдайға байланысты азаматтарын сол елден кетуге үндеді. Елшілік эвакуациялау бойынша көмектесетінін мәлімдеді. Бұл жөнінде Қытайдың ағылшын тілінде ақпарат тарататын ресми Global Times басылымы хабарлады.
Египеттің Киевтегі елшілігі де азаматтарын Украинадан мүмкіндігінше тезірек кетуге үндеді, деп жазды Egypt Today сайты. Елшілік азаматтарына автобус не пойыз арқылы көрші елдерге кетуге кеңес берді. Сонымен бірге азаматтарын сақтықты күшейтіп, «қауіпті аймақтарға» бармауға шақырды.
Бес күн бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігі де Қазақстанның Украинадағы елшілігі қызметкерлерін эвакуациялау мәселесін қарастырып жатқанын хабарлаған. Ведомство Украинадағы қазақстандықардың да санын тексеріп жатқанын айтқан. Елшілік кейінгі кезде Украинадағы азаматтық нысандар мен инфрақұрылымдарға шабуыл қайта күшейгендіктен ондағы қазақстандықтарды елден кетуге, қазақстандықтарды Украинаға сапарын шегере тұруға үндеген.
10 қазаннан бері Киев пен Украинаның өзге қалалары жаппай зымыран шабуылына ұшыраған еді.
Украина қарулы күштерінің бас штабы 16 қазанда таңертең орыс әскері соңғы 24 сағатта Украинадағы 30-дан астам қала мен елді мекенге соққы жасап, 5 зымыран ұшырып, 23 рет әуе шабуылын ұйымдастырғанын, 60 рет зымыранмен атқылағанын айтты.
Украин күштері жауап ретінде 32 соққы жасап, 24 ресейлік зымыранды атып түсірген.
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…