Қытай Ресейді жаулап алу операциясын бастап кетті

Украина қауіпсіздік қызметінің отставкадағы полковнигі, әскери сарапшы Михаил Притула осылай деп мәлімдеді YouTube-тегі News Factory арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Қытай қазірдің өзінде Ресей Федерациясының аумағында қытайларды қоныстандару арқылы бейбіт экспанциясын жүргізіп отыр. Ал Ресей өз ішінде ыдырай бастады.

Ресей өзінің аумақтық тұтастығын сақтай алмайды, өйткені Қытай коммунистік партияның 17-ші съезінде қабылданған стратегиялық шешім орындалып жатыр. Қытай Ресейдің Қиыр Шығысы территориясына қытайларды көптеп орналастырып жатыр.

Біз қазір Путиннің барлық әскерді Қиыр Шығыстан шығарып жатқанын көріп отырмыз. Олардың бәрін Украинаға жіберіп жатыр. Олар украин жерінде өліп жатыр. Осылайша, іс жүзінде Қиыр Шығыстың аумағы босап, қытайлар орнын басып жатыр. Шындығында Қиыр Шығыс жерін Қытай уысында ұстап тұр.  Атап айтқанда, «Қара Аю» аралы Қытайға 50 жылға жалға берілген, яғни мәңгілікке. Бұл аумақтың үлкен бөлігін алып жатыр,

дейді Михаил Притула.

Сонымен қатар, спутник суреттерінен Хабаровскіге Қытай жолдары  салынғанын көруге болады, деп атап өтті сарапшы.

Михаил Притула Қытайдағы демографиялық қысым туралы айтты.

Ресейдің Амур аумағы маңында бір шаршы шақырымға бір жарым адамнан келеді. Ал Қытайда бір шаршы шақырымға 150 адамнан келеді. Қысым 100 есе көп. Бұл қытайлықтардың Ресей аумағына көшуіне, орыстардың  ассимиляцияға ұшырауына әкеледі. Қытайлар өздері ассимиляцияға түспейді, олар өз мәдениетін өзгеге сіңдіре алады,

дейді сарапшы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago