ҚХР-дың Су шаруашылығы министрлігі мен Метеорология басқармасы елдің оңтүстігіндегі таулы өлкеде сел жүру қаупі туындауына байланысты қызыл деңгейлі төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Метеорологтердің мәліметі бойынша, 2 шілде күні 20:00-ден бастап Гуандун провинциясының батыс бөлігі мен Гуанси-Чжуан автономды өлкесінің шығысындағы кей жерлерде тауда сел жүру қаупі артқан.
Жергілікті билікке бақылауды күшейту және су тасқыны, сел бола қалған жағдайда алдын ала хабарлауға мұқият дайын болу тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге дайындалу ескертілді. Мамандардың айтуынша, экологиялық жағдайдың нашарлауына Бейжің төңірегінде жер үйде тұратын халықтың көмір жағуы мен көлік түтіні әсер етуде. Осы ретте жергілікті билік ауаның ластануымен күрес жүргізу үшін биыл 2,5 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр.
Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және ең жоғарғы қызыл деңгей.