Қытайдың бірнеше қаласында коронавирус инфекциясына байланысты локдаунға наразылық акциясы басталды. Митиң кезінде адамдар коммунистік партияға қарсы ұрандар айтты, елдегі цензураға қарсылық білдіру үшін қолына ақ қағаз ұстап шықты. Бұл туралы The Guardian хабарлады.
Наразылық білдірушілердің митиңгіге шуғына Шыңжаңның Үрімжі қаласындағы көпқабатты үйдегі өрт себеп болған. Өрт кезінде коронавирусқа қатысты локдаунға байланысты адамдар сыртқа шыға алмай қалған, салдарынан 10 адам қаза тапқан.
Қытай ұкіметі тұрғын үй кешені тұрғындары жоғары қабаттан төмен түсе алмағанын мәлімдеген. Алайда қытайлық әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, тұрғындар тұрғынүй кешенінің ішінара жабық болғандығынан сыртқа шыға алмаған.
Үрімжінің шенеуніктері жедел пресс-конференция өткізді. Олар көпқабатты үйдегі адамдардың өрттен аман шығуына коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер екенін жоққа шығарып отыр. Тіпті шенеуніктің бірі тұрғындар өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін дұрыс орындағанда мұндай жағдай болмас еді деп топшылаған.
Чикаго универвитетінің саясаттанушысы Дали Янг мемлекет құрбандарды кінәлайтын болса, елдегі митиң одан әрі өршитінін айтады.
Қоғамның сенімі мүлдем жоғалады,
дейді саясаттанушы.
Қытайда COVID-19 инфекциясының өршуіне байланысты карантин шектеулері енгізілді. Шыңжаң ауданы Үрімжі қаласының төрт миллион халқына үш айдан бері үйден шығуға тыйым салынған.
Шыңжан ауданында 10 миллион ұйғырлар тұрады. Құқыққорғаушылар мен батыс елдері Бейжіңді мұсылман аз топ өкілдеріне қысым көрсететінін, мәжбүрлі түрде лагерьге жіберетінін бұрыннан айыптап келеді. Алайда Қытай өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып келеді.
Екі күннен бері Қытайдың Үрімжі, Бейжің, Ухань, Шанхай, Гуаньчжоу қалаларында адамдар қарсылық акциясына шығып жатыр. Алғашқыда азаматтар локдаунды алып тастауды талап еткен. Кейін олардың талаптарына қатарына ел басшысы Син ЦзиньПиньннің отставка кетуі, елде демократия реформасын жүргізу, цензураны жою қосылған.
Батыс медиасы мұндай қарсылық Қытайда сирек кездесетін құбылыс деп жазып жатыр. Қытай билігі әзірге ресми түсініктеме жариялаған жоқ.