Пекиндегі жекеменшік ауруханалардың бірінде өрт болды.
Оқиға 18 сәуірде болды. Өрт салдарынан 40 адам зардап шегіп, 29 адам қаза тапты. Олардың 26-сы – медициналық мекеменің пациенттері. Қазіргі таңда үш адамның өмірі қыл үстінде.
Желіде аурухана ғимаратынан шыққан қара түтін мен адамдардың терезеден шығып жатқан бейнежазбалары тарады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, ондаған адам эвакуацияланды. Өрт сөндірілді. Тергеу басталды. Өрттің себебі анықталуда, ал жергілікті биліктің айтуынша, стационарлық бөлімде жөндеу жұмысы жүргізілген. Сол кезде кезде дәнекерлеу ұшқындары шашырап, жалын содан пайда болуы мүмкін.
12 адам, оның ішінде аурухана басшысы мен оның орынбасары, сондай-ақ құрылыс тобының жетекшісі ұсталды.