Миллиардтаған қытайға «елімізге еркін кірсін» деп визаны алып тастадық. Бірақ билік Ауғанстандағы өз қазағымызды елге әкелуге неге қарсы екенін алға тартып, Facebook желісінде қоғам белсендісі Жәнібек Қожық есімді азамат жазба қалдырды.
Оның сөзінше, құжатсыз болса да өздерінің қазақ екендерін дәлелдеуге бекініп отырған қандастарымыз көп.
Елден қашып, Сириядағы соғысқа барып, адам өлтіріп, соғысып жүрген террористерді ұшақпен елге әкелдік. Ресейден әскерге барудан қашқан миллионға жуық орысты елге кіргіздік. Оларды құшақ жайып қарсы алып құжатын дайындап көмектестік. Миллиардтаған қытайға «елімізге еркін кірсін» деп визаны алып тастадық. Біздің билік неге Ауғанстандағы өз қазағымызды елге әкелуге қарсы? Неге, оларды «құжаттарыңда қазақ деген жазу жоқ» деп кеудесінен итереді?,
делінген жазбада.
Айта кетейік, осыған дейін Сыртқы істер министрілігі бұл елде өздерін қазақпыз дейтіндердің саны артқанын айтқан. Сондықтан елшілікке өтінішпен жүгінген азаматтарды мұқият тексеретінін хабарлаған еді.