Қараптан қарап отырып, «қораға» кіріп кеткен тағы бір қазақ ол.
Оған енді 103 500 теңге айыппұл салынуы мүмкін!
Әлеуметтік желіде тараған видеодағы BMW көлігінің жүргізушісі Кербұлақ ауданында тұратын 34 жастағы жігіт екен.
- Шеңгелдіден асқан жердегі жолдың бойындағы алқапта жылда көктемде қызғалдақ жайнап тұрушы еді.
Әлгі жігіттің қызғалдақтың арасына мәшинесімен кіріп кеткенін полицейлер «әкімшілік бұзақылық» деп бағаласа, жүргізуші жасыл желекті бүлдіргені үшін 103 500 теңге айыппұл арқалайды.
Немесе ескерту алып қана құтылып кетуі мүмкін. Кодексте сондай жаза да қарастырылған, деп ескертеді kolesa.kz.