Қыз зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы полиция бастығы сотта есінен танып қалды.
Талдықорғанда Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот бастала салысымен тоқтап қалды.
Сот отырысында күдікті Күштібаев «ойбуй-ау, ах» деп талып қалып, ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды,
деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.