Әйелдің жұмыс жасауы дұрыс па?
Жақында ер азаматтарға осындай сұрақ қойылды. Жігіттердің пікірінше, қызға білім алу қажет емес. Мамандықтан гөрі, «ана» деген ұғым бар. Қыздарды ең алдымен отбасылық өмірге дайындау керек, дейді сауалнамаға қатысушылар.
«Қызға білім емес, күйеуге шыққан маңызды» дейді екіншілері. Білім алу, мансап құру ер адамның міндеті екен, ал қыз бала қызыл дипломмен бәрібір қызыл жанып тұрған ошақтың алдында тұрады-мыс.
Жігіттер көбінесе ертең ата-анамның, менің жағдайымды жасап, үйде отырсын деген ниетпен үйленеді. Сондықтан жұмыс істеп, білім алуын қолдамайды. Үйленсем, жұмыс істетпеймін дейді.
Осындай сауатсыз еркектерге, ұғымы өте тайыз еркектерге қарап қарның ашады. Отбасының ұйытқысы –әйел дейді.
Егер әйел надан болса, баласын қай сауатымен оқытады? Еркегі сауатсыз қараңғы болса, отбасын кім асырайды?
Көп еркектер әйел дамымау керек, әйел үйде отыру керек деген түсінікпен өмір сүреді. Әйел дамыса, менен озып кетеді деп қорқатын жігіттер де жетерлік. Уайымдамаңыз! Әйеліңіз дамыса, сізден озбайды, бәлкім ұл-қызыңыз сізден озар.
Ұлға білім берсең, сауатты ер шығады. Қызға білім берсең, сауатты ел шығады.
Түркістан жігіттерінің пікірлерін мына жерден көре аласыздар.