Қызылорда облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы болып Мұхтар Қожабаев тағайындалды. Оны Қызылорда облысы активінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырды.

Мұхтар Қожабаев 1968 жылғы 17 тамызда дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1987-1989 жылдары Қарулы күштер қатарындағы қызметінен бастаған. Әр жылы басшылық қызметтерде болды.
2009-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болып істеді.
2015-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болды. 2018 жылы Түркістан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, сол жылы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.