Қызылордада оқушы алты жасар баланы зорлады.
Әлеуметтік желіде жасөспірім 6 жасар баланы зорлады деген ақпарат тараған.
Күдікті 9-сыныпта оқитыны белгілі болды.
«Бейресми ақпарат көздерінің дерегінше, жәбірленуші бала қазір ауруханада жатыр. Ал 16 жастағы күдікті қамауға алынған», деп хабарлады EL.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Өзгеде ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.