Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Төреғали Төреәлінің қарындасы тұңғышын босанды
06.12.2023
ҚазҰУ-дың ұланғайыр жері Құлыбаевтың меншігіне өтіп кеткен – депутат Базарбек
06.12.2023
«Әнипа Назарбаева ақшамызды қайтарсын». «Кенжехан» базарындағы дау
06.12.2023
Алматы әкімдігі феминистерге митинг өткізуге рұқсат бермеді
06.12.2023
Әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейді
06.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қызылордада жүкті әйел полицияда істеген күйеуінің соққысынан кейін мүгедек болып қалған
Қоғам

Қызылордада жүкті әйел полицияда істеген күйеуінің соққысынан кейін мүгедек болып қалған

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 21.11.2023
Обновлено 21.11.2023 в 10:11
Поделиться
Поделиться

Қызылордада бұрынғы полиция қызметкері жүкті әйелін соққыға жыққаннан кейін ол үшінші қабаттың терезесінен құлап, мүгедек болып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Egovpress Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аруна Аманова мен Ж. есімді ер адаммен 2019 жылы шаңырақ көтерген. Әйелдің айтуынша, бір айдан соң күйеуі оған қол көтере бастаған. Бірақ жағдай қайталанған сайын ол жылап, келіншегінен кешірім сұрауды әдетке айналдырған, ол отбасын сақтап қалу үшін кешірген.

«2021 жылы оның соққысынан мен ауруханаға түстім. Сосын арыз жаздым, бірақ ол кешірім сұрап, артымнан жүгірді. Ал мен баламыз үшін кешірдім», – дейді келіншек.

2022 жылдың 4 қарашасында Аруна жұмыстан үйіне оралып, төсекке жатқан. Бір күн бұрын ол күйеуімен жанжалдасып қалған еді. Себебі ол жұбайының көзіне шөп салғанына сезіктеніп жүрген.

Таңғы сағат үште күйеуімнің екі досы келіп, оны екі жағынан ұстап, үйге әкелді. 4 қарашада ол майор шенін алып, осы оқиғаны тойлады.Ол мас болғандықтан, есін білмеген. Олар оны диванға жатқызды, мен мүмкіндікті пайдаланып, Мен оның расымен көзіме шөп салғанын көрсету үшін телефонын ақтардым. Хат-хабарларды тауып алдым да, оятып, телефонды көрсеттім. Ол мені балағаттап, көздері ашу-ызаға толды. Мен қатты қорықтым. Ол мені қайта-қайта ұрды,

деді жәбірленуші.

Ер адам жатын бөлмеге киім ауыстыруға кеткенде, Аруна ас үйге тығылды.

«Мен қараңғыда тығылып отыр едім, ол мені тауып алып, қонақ бөлмеге шашымнан сүйреп кіргізді. Басымнан ұрып, тұншықтырды, есімді жоғалттым. Есімді жиғанымда, көшеде жерде жаттым. Ол досымен үстімнен қарап, “неге секірдің?” деді. Мен кім қайдан секіргенін түсінбей қалдым. Одан кмек сұрап, қиналып жаттым”, – деді әйел.

Арунаның қалай құлағаны есінде жоқ. Жәбірленушінің айтуынша, ол кейін жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне өзін құтқару үшін секіріп кеткенін айтқан. Алайда есіне ештеңе түсер емес.

«Мүмкін олар мені қорқытып, мәжбүрлеген шығар. Құлағанға дейін және құлағаннан соң не болғанның бәрі есімде. Бір жыл өтті, бірақ қалай секіргенім әлі есімде жоқ», – дейді ол.

Оқиға кезінде Аруна жүктілікің тоғызыншы аптасында болған. Терезеден құлағаннан кейін ол асфальтқа арқасымен құлап, омыртқасын сындырып алды. Қазір Аруна мүгедектер арбасына таңылған, жүру қабілетінін айырылды. Дәрігерлер келіншектің кейін жүріп кететініне күмәнмен қарайды. Сондай-ақ Арунаның жата бергеннен денесі қажалып, денесінде жаралар пайда болған.

«Ауруханада жатқанымда анам қасымда болып, маған қарады. Осыны пайдаланып, іздер мен айғақтардан құтылу үшін пәтерді толығымен тазалаған. Ол мені ұрып-соққанда, мен қызыл халатпен едім. Бірақ ол халатты жыртып тастады, мен онсыз құладым. Сосын халат жоғалып кетті, ол оны лақтырып тастаған», – дейді Аруна.

Сорақысы, үйдің ішінде тергеу жүргізілмеген. Іс бір айда қысқарғанын айтады. Дәбірленушінің айтуынша, үйдегі бейнебақылау камераларының жазбаларыжоғалып кеткен.

Қызылорда облысының полиция департаменті бұл факті бойынша 2022 жылдың 4 қарашасында Қылмыстық кодекстің 105-бабы “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қызылорда облысының полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы жәбірленуші тараптың уәждерін мұқият тексеріп, барлық тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындап, тергеу әрекеттерін жүргізді. Оның қорытындысы бойынша ҚК 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық дәлелдемелерінің болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Қаулысының заңдылығы мен негізділігі Қызылорда облысының прокуратурасымен зерделеніп, бекітілді. Сонымен қатар, сол кезде 2022 жылдың 18 қарашасында болған оқиғаға байланысты полиция қызметкері ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды,

деп түсіндірді полиция департаменті.
Анара Бауыржанқызы 21.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Төреғали Төреәлінің қарындасы тұңғышын босанды
  • ҚазҰУ-дың ұланғайыр жері Құлыбаевтың меншігіне өтіп кеткен – депутат Базарбек
  • «Әнипа Назарбаева ақшамызды қайтарсын». «Кенжехан» базарындағы дау
  • Алматы әкімдігі феминистерге митинг өткізуге рұқсат бермеді
  • Әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Қоғам

«Әнипа Назарбаева ақшамызды қайтарсын». «Кенжехан» базарындағы дау

06.12.2023
Қоғам

Алматы әкімдігі феминистерге митинг өткізуге рұқсат бермеді

06.12.2023
Қоғам

Алматыда жастарға жалға берілетін пәтерге өтінім беру басталды

06.12.2023
Қоғам

Әрбір екінші қазақстандық ауыз сусыз қалуы мүмкін

06.12.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?