Науқас балада қызылшадан мидың ісінуі, өкпенің қабынуы сияқты ауыр зардаптар, саңырау болып қалуға алып келуі мүмкін.
Ата-аналар әлі күнге дейін қызылшаның қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді. Кейбір жеке сенімі бойынша олар вакцинадан бас тартады. Сенімсіз фактілерге сүйенеді.
Бірақ ауру басқа аурулардың асқынуына апарады.
Қазіргі мәлімет бойынша, Астанадағы балалар ауруханасы 111 пайызға толып кеткен. Қызылшамен ауырып, жансақтау бөліміне түскендер де бар. Бұрын қызылшамен бір жастан асқан балалар ауыратын болса, қазір науқастардың арасында 5-6 айлық балалар бар екен.
Ал Алматының инфекциялық стационарлары 90 пайызға толған.
Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшамен ауыратын балаларды емдеуге арналған 280 төсек-орны бар жеті бөлімше (оның ішінде 12 төсек реанимация бөлімшесінде) орналастырылған. Оның ішінде Саялы филиалындағы бір бөлімше, Байзақов көшесіндегі стационарда және Апорт филиалында үш бөлімшеден бар. Резервте 40 төсек бар.
С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына да 120 орындық кереуеттер орналастырылыпты, оның ішінде 108 кереует бос емес.