Жақында төртінші баласы дүниеге келген Нұржан Керменбаев отбасындағы құндылықтар қалай өзгергені туралы әңгімеледі.
«Түнгі студия» бағдарламасының эфирінде Керменбаев қызы дүниеге келген соң әйеліне деген құрметі артқанын айтты.
Бүгінгі таңда әншінің үш ұл, бір қызы бар. Тасним есімді қызы — Нұржанның үшінші баласы. Нұржанның айтуынша, дәл осы қызы оның өзгеруіне себеп болған.
Ертең бұйырса менің қызым да біреуге тұрмысқа шығады. Күйеуі жақсы болсын десең сен жақсы әке болу керексің. Ол әкесіне қарап, отбасындағы құндылықтарға сәйкестендіріп екінші жартысын таңдайды. Менің дұрыс әке болуым ертең оның дұрыс күйеу таңдауына себепкер болады.
Сондықтан мен анасын құрметтеуім керек. Қызым дүниеге келгелі осы сияқты ойлар туындай бастады,
деп ағынан жарылды әнші.