Түркияда Қазақстан азаматына оқ тиіп, жарақат алды.
Оқиға көпқабатты үйлердің арасында болған. Екі адам бір-біріне оқ атқан. Жараланған азамат Ыстамбұлда ауруханада ем алып жатыр.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, отандасымыз Бегалы Тәліпов оқыс оқиғаға кездейсоқ тап болған. Ол 2 жасар қызын емдету үшін Түркияға барған екен. Атыстан отбасы зардап шеккен жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, жерлесіміз жергілікті азаматтар арасындағы атыстың кездейсоқ құрбаны болған. Ол үйге келе жатып, үйге кіре берген кезде оқтың бірі оған тиген. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр,
делінген СІМ хабарламасында.