Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
04.10.2023
Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
04.10.2023
«Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
04.10.2023
Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
04.10.2023
Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар
04.10.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > «Зүбаржат қаланың сиқыршысын» жазған Волков Қазақстаннан неге кетті?
Руханият

«Зүбаржат қаланың сиқыршысын» жазған Волков Қазақстаннан неге кетті?

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 25.04.2023
Обновлено 25.04.2023 в 10:04
Поделиться
Поделиться

Өскеменде 130 жыл бойы өзгермеген ғимараттар бар. Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облысының драма театры мен одан әрі тұрған Шығыс Қазақстан архитектуралы этнографиялық музейі көпшілікке танымал. Бұл мекеннің қазақстандық әдебиет пен орыс әдебиеті үшін маңызы зор екенін біреу білсе, біреу білмейді.

Жоғарыдағы сурет ХХ ғасырдың 1980-жылдары кешкі орта мектебі орналасқан кезде түсірілген. XIX-XX ғасырлар аралығында бұл ғимаратта қаладағы алғашқы ерлер гимназиясы ашылды. Оны тарихи және әдебиет қайраткерлері өз күштерімен ашқан.

Абайды айтқанда Евгений Петрович Михаэлистің есімі еске түседі. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында Михайлов атымен жазылған, романда жер аударылған революцияшы демократ екені ғана аталады. XIX ғасырдың 50-60-жылдары Михаэлис Ресей империясы астанасының студенттік қозғалысының ең көрнекті өкілі болды. Сол кездері Петербургтың әдеби және ғылым саласындағы зиялы өкілдерімен жақын араласты, Николай Некрасов, Дмитрий Менделеев, Николай Чернышевскиймен дос болды. Әсіресе, Иван Сергеевич Тургеневке зор ықпал жасады.

Тургеневтің шығармашылығын зерттеген Николай Шелгуновтың пікірінше, «Әкелер мен балалардағы» атақты Евгений Базаров – Михаэлистің нақ өзі. Петербургте крепостық құқық жойылуына байланысты студенттік қозғалыстар ұйымдастырылған. Жандармерия Евгений Петровичті осы қозғалысты ұйымдастырды деп айыптап, революционер-нигилисті астанадан қуып жіберген. Содан бастап Михаэлистің өмірі Шығыс Қазақстанмен тікелей байланысты болды. Басында Семейде полицияның қарауында өмір сүрді. Осы кезде ол Абаймен дос болған. Кейін полиция қарауынан босатылып, Өскеменге көшкен.

Михаэлис қоғам қайраткері болды. Ол Шығыс Қазақстанның табиғаты мен жер қойнауын зерттеді. Қаланың өзінде білім беру деңгейін көтеруге атсалысты. 1896 жылы кітапхана ашылып, қалалық бау-бақша салынды, шіркеу-приход училищесінің, бастауыш мектептің, Маринский училищесінің, ерлер мен әйелдер гимназиясының, Халық үйінің ғимараттары салынды.

ХХ ғасырдың басында ерлер гимназиясына алғашқылардың бірі болып әскери фельдфебель Мелентий Михайлович Волковтың ұлы Саша қабылданды. Михаэлис Саша Волковтың қабілетін байқағаны түсінікті. Өйткені мұғалімдер оның ерекше қабілетін атап өткен – сыныптастары оқуды жаңадан үйреніп жатқанда, ол кітапты бірінен соң бірін кеміріп оқып тастаған. Орыс әдебиеті сабағын тез бітіріп, шетел әдебиетіне қызығушылық танытқан. Михаэлистің ықпалымен қалаға, гимназия кітапханасына көптеген шетел әдеби журналы әкелінген. Гимназия залында ол алғаш рет Лайман Фрэнк Баумның «Оз еліндегі таңғажайып сиқыршы» ертегісінің француз немесе неміс тіліндегі аудармаларымен танысқан. Гимназияда сол заманда француз бен неміс тілдері оқытылды. Ал «Оз елінен шыққан данышпанның» орыс тіліндегі аудармасы 1991 жылы шықты.

Ал тағы бір нұсқаға сүйенсек, Баумның кітабы ол гимназияға сабақ беруге келгенде, 1920-жылы көзіне түскен. «Зүбаржат қаланың сиқыршысының» шығу тарихы Өскемендегі ерлер гимназиясымен тікелей байланысты. Александр Мелентьевичтің өзі «Зүбаржат қаланың сиқыршысы» Баум ертегілерінің әсерінен туғанын ешқашан жасырмаған.  Волковтың кітаптарында бұл ақпарат міндетті түрде айтылады.

Александр Мелентьевич Волков әдебиеттегі алғашқы қадамын Өскеменде жасады. Ол балаларға арнап жиырмадан аса кітап жазған. Волков дүниежүзіне танымал ертекші-жазушы болды.

«Зүбаржат қаланың сиқыршысы» Урфин Джюспен бір қатарда Волковқа балалар әдебиетінде ойып тұрып орын берген туынды. Сол заманда Өскемен қауіпті мекендердің бірі болған. Алайда Волков сескенбеген. Азаматтық соғыс жылдарында қызыл әскер училищеге келген кезде Александр Мелентьевич оларды желкелеп қуып шыққан. Қаладағы жоғары беделі ғана Волковты жазадан сақтап қалды.Большевиктер эсеро-меньшевист деп есептеген «Халық досы» қалалық газетінде туындылары жарияланған. Шіркеу қызметкері Александр Дагаевпен дос болған.

Өскемен Покровский соборының басшысы, протоиерей Александр Дагаев қаладағы рухани тұрғыда беделді адамдардың бірі болды. Дін қызметкері большевиктерді аса қабылдамай, антикоммунистік насихаттар жүргізді. Бір нұсқада Дагаевты атып өлтірді дейді, ал екінші бір нұсқада аяқ-қолын шауып, денесін суға ағызып жіберген делінеді. Өмірінің соңында Дагаев жазушымен кездесіп, өзінің басына төніп тұрған қауіпті сезіп жүргенін айтқан. Волков бұл туралы 1970-жылы шыққан мемуарында жазған, жазба КСРО тараған соң ғана жарияланды.

Волков Ярославльға жұмысқа шақырту алады. Өскеменде жүре бергенде жазушының тағдыры қалай өрбитіні белгісіз еді. Отанына жазушы боп қалыптасқан соң қайта оралған.

Сурет: АПН, Шығыс Қазақстан тарихи-архитектура музейі, ашық дереккөздер

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова, АПН

ТЕГи: Қазақстан, ШҚО
Арман Ерғалиев 25.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
  • Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
  • «Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
  • Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
  • Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Маңызды

«Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру

04.10.2023
Атақ және ақша

Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді

04.10.2023
Әлеуметтік желіге шолу

«Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты

04.10.2023
ҚоғамДін

Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар

04.10.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?