Павлодарда «өз үйінде қыз зорлаған» деген күдікке ілінген 23 жастағы жігіт 5 жыл 3 айға сотталды. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.
Сот айыпталушыны кінәлі деп тапты. Оған қоса жігіт қызға моральдық шығын ретінде 1 миллион 200 мың теңге төлеуі керек.
Алайда оның анасы бұл шешіммен келіспейді. Анасының сөзінше, қыз үйге өз еркімен келген және ұлы оны зорламаған.
Олар таңғы 5-ке дейін клубта көңіл көтеріп, таңғы 6-да үйге келген. Мен оны білгем жоқ. Такси жүргізушісінің айтуынша, ол қыз үйге өз аяғымен кірген. Оны ешкім күштеп әкелмеген. Мен қыздан сұрадым. Сен қалай біздің үйге келдің? — деп. Сонда ол сіздің ұлыңыз мені үйге жеткізіп тастауы керек болған — дейді. Сонда ол өзі үйін білмей ме? Қалай бөтен үйге қонуға болады. Менің ұлым, менің көзімше қыз зорлауы зорлауы мүмкін емес. Мен үйде болдым. Ол ондай әрекетке барған жоқ,
дейді айыпталушының анасы,
Анасы сотқа аппеляция шағымын түсіретінін мәлімдеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.