Қазақстанда әйелдер өз өмірлері үшін күреседі. Қорғайтын заң жоқ.
БҰҰ статистикасы бойынша, жыл сайын Қазақстанда 400 әйел жақындарының қолынан қаза табады. Өзінің үйінде. Теңсіз соғыс ас үйінде, жатын бөлмеде, балалардың көз алдында болып жатады.
«Немолчи» қоғамдық қоры бұрынғы және қазіргі күйеулерінің қолынан қазақ тапқан әдемі, ақылды, жігерлі әйелдердің тізімін жариялапты.
Статистика жауыздықпен өлтіру көбінесе 25-35 жас аралығында екенін көрсетеді.
Сымбат Құлжағарова, 29 жас.
Астанада тұратын кәсіпкер күйеуі әйелін қасақана психикалық ауруғанаға жатқызған. Үш ай бойы ол әлеуметтік желіде өзінің жанайқайын жеткізуге тырысты. Күйеуінің көрсеткен қастандығы мен жауыздығын жазды. Алайда ешкім сенбеді де, көмек көрсетпеді де. Ақырында 2020 жылы 10 желтоқсан күні терезеден секіріп көз жұмды. Көпшілік бұл қасақана өлтіру дегенмен, ешкім бұл қылмыс үшін жазаға тартылған жоқ.
Айнагүл Хайруллина, 30 жас.
Орал шенеунігінің бұрынғы әйелі. 2021 жылы 19 сәуірде ол бұрынғы әйелін жұмыстан шыққан кезде ұстап алып, 20 рет пышақ сұққан. Бауыржан Хайруллин әкімдік қызметкері отбасын құрған жылдан бастап әйеліне қорлық көрсетіп келген. Түнімен аяғының астында отыруға мәжбүрлеген. Ұйықтап кетсе, теуіп оятып, әбден жауыздығын көрсеткен. Барлығы білсе де, ешкім шара қолданбаған. Тіпті қылмыскердің әкесі де білген. Қанішер 15 жылға сотталды.
Ажар Шадиева, 27 жас.
Ажар туған күнін тойлап жатқан күні өз күйеуінің қолынан қаза тапты. Қызылорда тумасы Руслан Отарбаев 2022 жылы 3 тамызда әйелін 15 полиция қызметкерлерінің көзінше аяусыз соққыға жыққан. Қасында достары мен туыстары да болған. Әйелін тепкілеп, соққыға жығып өлтірген. Ол 12 жылға түрмеге қамалды. Ал жанында болған 15 полиция қызметкерлінің біреуі ғана 5 жылға сотталды. Руслан Отарбаев шенеунік, Аманат партиясының мүшесі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау комитеті басшысының ұлы.
Надежда Белоус, 28 жас.
2020 жылы бұрынғы күйеуі аңдып жүріп, баспалдақ алаңында өлтіріп кеткен.
Антонида Сурова, 37 жас.
Павлодар. 2021 жылы күйеуі оны 28 рет пышақтап қаза тапты. Күйеуімен отбасын құрғалы бері зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Қаза тапқан кезде ажырасып кеткен. Бұрынғы күйеуі 15 жылға сотталды.
Гүлзара Қуанышева, 29 жас.
Шымкент. 2020 жылы 29 шілде күні өзіне өзі қол жұмсап қаза тапты. Оның денесінде түрлі жарақаттар мен сынықтар болған. 4 қабырғасы сынған. Туыстары суицид екеніне сенбейді. Күйеуі 4,5 жылға сотталды.
Светлана Ермошенко, 34 жас.
Алматы облысы. Күйеуі киллерді жалдап, екеуі жауыздықпен өлтірген. 1,5 жасар қызының көз алдында қаза тапты. Күйеуі 15 жылға, көмекшісі 13 жылға сотталды.
Әсел Айтпаева, 26 жас.
Грузия. 2021 жылы 5 мамырда кейбір деректер бойынша өз-өзіне қол жұмсаған. Туысы оны зорлап, сатып жіберген. Қорлыққа шыдамаған қыз осылайша қаза тапты. Қылмысқа қатысы бар екі күдіктінің бірі түрмеде қайтыс болды, екіншісі 15 жылға сотталды.
Юлия Демидова, 34 жас.
Алматы облысы. 2022 жылы 19 ақпанда бұрынғы күйеуі аямай басынан теуіп, жұдырықпен басынан ұрған. Алған жарақаттарынан қыз көз жұмды. Бұл қатігездік балаларының көзінше орын алған. Қанішер 8 жылға сотталды.
2023 жылы 13 қазанда бұрынғы күйеуі әйелін аңдып келіп, Алматыдағы ауруханалардың бірінде пышақтап кетті. Алған жарақаттарынан әйел көз жұмды.
2023 жылы 14 қыркүйек күні екі баласы бар әйелді қасақана өлтіріп, үйін өртеп кеткен. Күдікті лудоман. Казино қызметкерлері күдіктіні танып, полиция қызметкерлеріне ұстауға көмектесті.
Айман Асанова, 42 жас
Алматы. 2022 жылы 8 қазанда заңгер әйелді бұрынғы күйеуі Талғат Нұртаев үйінің жанында күтіп тұрған. Екуінің арасындағы әңгіме жанжалға ұласып, әйелін 18 жерден пышақтап өлтірген. Қанішер 11 жылға сотталды.
Айнагүл Кенжебаева
2023 жылы 16 қазанда Алматыда ер адам бойжеткенді бірінші кездесуге кафеге шақырған. Олар әуелі жай ғана сөйлесіп отырған. Кейін жігіт өз-өзін қолға ұстауды қойып, қызға тиісе бастайды. Айнагүл жігітті сабырға шақыруға тырысқанмен, ол қызды күшпен далаға шығарған. Жігіт қызды итеріп жібергенде, ол арықтың бетонына басымен құлап, оқиға орнында қаза тапты.
Салтанат Нүкенова, 31 жас
2023 жылдың 11 қарашасында өзінің сүйіп қосылған күйеуінің қолынан қаза тапты.
Бұл қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар. Ал біз естімеген, көрмегендері қаншама?!