Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді
24.03.2023
Астанада 5 жасар қыз зорланды
24.03.2023
Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды
24.03.2023
Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог
24.03.2023
Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді
24.03.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > «Өз-өзін ақтамайды». Қарағандылық шаруалар малдарын жаппай сатуға мәжбүр
Экономика

«Өз-өзін ақтамайды». Қарағандылық шаруалар малдарын жаппай сатуға мәжбүр

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 02.02.2023
Обновлено 02.02.2023 в 11:02
Поделиться
Поделиться

Жем-шөп қымбат болғандықтан қарағандылық шаруалар малдарын жаппай сатып жатыр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Қазір кебектің бір қабы осыдан бір апта бұрын 1400 теңге болса, қазір 1800-2000 теңгеден сатылып жатыр. Мұндай қымбатшылықты қалталары көтермеген шаруалар жаппай малдарын сойып, етке тапсыруға мәжбүр.

Бүкіл ел сиырын сатып жіберді. Өйткені сүттің, еттің бағасы жем-шөптің бағасымен сәйкес келмейді. Қазір елдің бәрі жылқы ұстап отыр, далаға жаямыз деп. Биыл жаңбыр жауды да қар қатып қалды. Жылқыға да қиын болып жатыр,

дейді Үштөбе ауылының тұрғыны Қаршыға Мұздыбаев.

Үштөбе ауылының қымбатшылыққа наразы 30 шақты кәсіпкері жергілікті әкімдікке жиналып, Үкіметтен мал азығының бағасын реттеуді сұрады.

Қазір ауылда шөп шабатын шабындық та жоқ екен. Барлығын әдеттегідей ірі қожалықтар иемденіп алған. «Шопан ата» агроқозғалысының өкілі Мұхамедқали Бекембаевтың айтуынша, Үштөбеде мал екі есе азайған.

Бір қап кебек 2 мың теңге болса, күніне 10 қап кетеді. 10 күнде ол – 200 мың теңге. 1 айда – 600 мың теңге. Өз-өзін ақтамайды. Жұрт амалсыз малын соя бастады. Үйіңде мал бар ма десе, еріксіз сатып жібердім дейді. Мәжбүрлі түрде сатып жатыр қарапайым халық,

дейді ол.

Ал ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы мәселені шешу мүмкін емес деп отыр. Айтуларынша, жем-шөп бағасының өсуіне жаппай қымбатшылық себеп болған. Оның үстіне диірменшілерге мал азығының бағасын реттеу үшін Үкіметтен берілетін субсидия 6 жыл бұрын тоқтаған.

1 тонна бидай тартып, 240 келі кебек сатқаннан диірмендер байып кетпейді. Бірақ олар тасымалдауының қымбаттауы, еңбек күшінің еңбекақысын көтеруі салдарынан біз кебектің бағасын көтеруге мәжбүр болып отырмыз дейді,

деді облыстық ауыл шаруашылығы ьасқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.

Енді биыл арпа, бидай мен жем-шөпке 1 млрд теңгеден аса субсидия бөлу қарастырылып отыр. Бірақ ол тек ірі шаруа қожалықтарына беріледі. Қарағандылық шаруалар шағын кәсіпкерлерге де осындай субсидия болса деседі.

Анара Бауыржанқызы 02.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді
  • Астанада 5 жасар қыз зорланды
  • Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды
  • Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог
  • Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді

Недавние комментарии

  1. Tem к 1 сәуірден бастап Ресей билігі 400 мың адамды әскерге шақырмақ
  2. Tem к Алматылықтар «Пинта» барларына бойкот жариялады
  3. Tem к «Сүйіп қалсам да, тұрмаймын»: Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтты
  4. Tem к Бұл – Ресей. Берген «шубаны» 5 минуттан соң шешіп алды
  5. Tem к Арестович: Екінші Дүниежүзілік соғыста қазақтар — ең үздік әскери күш болды

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді

24.03.2023
Экономика

Депозиттерге берілген өтемақы елдің күлкісін туғызды

20.03.2023
Экономика

Теңгенің нығайғаны Ұлттық қормен байланысты

17.03.2023
Экономика

Теңге бағамын болжауға болмайды

17.03.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?