Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас оқырманның бұрынғы әйелі Жібекке қатысы қойған сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желідегі оқырманның бірі: “Жібекті сүйесіз бе? Татуласқыңыз келе ме?” деп сұрақ қойды. Бұрынғы әйеліне қатысты сұраққа соңғы рет жауап беретінін айтқан Заңғар бұл тақырыпты көтермеуді сұрады.

“Бұл сұрақты жауып тастайықшы. Біз той алдында айырылысқан болатынбыз. Бір жылдан кейін қайтадан қосылып, бірге тұрып, өз бақытымызды табамыз деген шешіммен үйлендік. Уақыт өте бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Өзара айырылысқанымыз дұрыс болар деп шешім қабылдадық. Бірақ осы күнге дейін бір-бірімізді құрметтейміз. Бұл өзіміздің арамыздағы бір құпия болғаны дұрыс”, – деп жазды Заңғар Нұртас.

Айтуынша, “Заңғар Жібекті тастап кетті” деп ойлайтындар көп. Алайда кіші Айдарбеков мұны жоққа шығарды.

“Осы күнге дейін қатты бататыны “Неге қыздың обалына, көз жасына қалдың?” деген әңгіме. Ешкім ешкімді тастап, қалдырып кеткен жоқ. Өзара сондай шешім қабылдадық. Осылай болғаны маған да, оған да жақсы”, – дейді Заңғар Нұртас.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago