Қу Ресей мен қазақтан шыққан қу лоббистердің кесірі бәрі. Оны қазақ билігі өлсе де мойындамайды.
ЕАЭО шеңберіндегі заңдарға қол қойып алып, қазаққа Ресейде құрастырылған көліктерді тықпалау үшін сырттан көлік әкелуге тыйым салды.
Сосын өзі енгізген тыйымын өзі сақтай алмай, халықтың бөтен елде тіркелген арзан көлікті жаппай әкелуіне көз жұмды.
Енді бір қараса,
Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктер тым қатты көбейіп кетіпті.
Олардың елде жүруіне тыйым салайын десе, митингтен өлердей қорқады өздері.
Өз халқына жаны шын ашымайтын, сол үшін қолға алған ісінің бәрі берекесіз аяқталатын Қазақстанның билігі іштей бәрін біледі. Бірақ шарасыз, Ресейдің алдында, өзінің алдында.
Ендігісі мынау,
шетелдік көлікті қанша жерден заңдастырып жатса да Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктер әлі толып жүр.
Ресейден 200 мың теңгеге сатып алған жаман «Жигулиін» заңдастыру үшін тағы 200 мың теңгені кедей қазақ қалтасынан шығара қоймас.
Жоқ қой, оның қалтасында 200 мың теңге. Тіпті 2 мың теңге шыға ма десеңші, алдымен?!
Ішкі істер министрлігінің автобөлшек ретінде ортасынан кесілген күйі кіріп, сосын қайта жалғанған конструктор-көліктерді де заңдастырамыз дегені қай сасқаны?
Қазақты отыз жыл бойы той жасау мен байлық үшін бір-бірімен жарыстырып, жағымпаздыққа, ашкөздік пен дүниеқоңыздыққа тәрбиелеп, баспана мен автонесие кезегіне тұрғызған жалған идеологияның салдары сияқты мұның бәрі.