Желіде заңгер Айман Асанованың кісі қолынан қаза болғаны туралы ақпарат тарады. Бүгін Алматы полиция департаменті қылмыстық істі растады.
Бұл қылмыс 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болған.
Көптеген пышақ жарақатымен қаладағы жақын жердегі ауруханаға 1980 жылы туған А. есімді азаматша жеткізілді. Ол 12 қазанға қараған түні медицина мекемесінде қайтыс болды,
деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.
Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр,
делінген хабарламада.
Тергеу барысын ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығы бақылап отыр.