Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Еліміздегі ең әдемі бес мекен
04.10.2023
Ақтөбеде жұмыссыз жүрген азамат тұрғынның атына 4 бірдей онлайн несие рәсімдеген
04.10.2023
Қырғыз бен тәжік соғысты доғаратын «тарихи келісімге» келді
04.10.2023
Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан
04.10.2023
104 жастағы әжей парашютпен секіріп, рекорд жаңартты
04.10.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «За Россию» деп Украинада өлген қазақстандықтар
Қоғам

«За Россию» деп Украинада өлген қазақстандықтар

Фариза Сагындыкова
Фариза Сагындыкова 16.08.2023
Обновлено 16.08.2023 в 05:08
Поделиться
Поделиться

Ресейдің Украинаға қарсы ашқан соғысына тек орыстар ғана емес, басқа мемлекеттердің азаматтары да тартылған болып шықты. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар. Кейбіреулер мессенджерлердегі хабарламаларға жауап беріп, өз еркімен майданға аттанса, басқалары Ресей Федерациясының аумағында арбауға түсіп қалған. Соңғылардың арасында Ресей азаматтығын алған және алмаған мигранттар, сонымен қатар Ресей түрмелерінде отырған шетелдіктер де бар.

Мазмұны
Ізгі ниетпен…Жан тапсыруға кеттіАсығып Ресейге жетті

Осы материал арқылы біз шетел соғысына арбау арқылы алынған ҚР-ның азаматтары туралы мақалалар топтамасын ашамыз.

Бірінші әңгіме адамның өз аузынан емес, қазақстандықтың таныстарының сөзінен болмақ. Донбассқа ерікті ретінде барған ол үйіне қайта оралмаған. Ол туралы оны бұл ойынан тайдыруға тырысқан әріптестері ғана айта алды. Ол оларды тыңдамаған.

Ізгі ниетпен…

Қарағандылық Юрийдің әңгімесі қаланың шетінде, бес қабатты панельді ғимаратта басталды. 36 жасқа дейін ол қарапайым өмір сүрді: жүк көлігінде болып жұмыс істеді, автобус жүргізді, үйінде оны әйелі мен балалары күтіп отырды. Барлығы кәдімгі адамдардағыдай, бірақ Украинада басталған соғыс аяқ-асты адамның өмір салтын өзгертті.

Соғыс қимылдары басталған сәттен-ақ, оны ой мазалады: ол майданда, ресейліктермен бірге болуы керек еді. Оның жеке өмірінен бас тартуға және соғысқа аттануға нақты не түрткі болғаны белгісіз, мұның бірнеше себептері болуы мүмкін: ақша табу ниеті немесе жақсы іске деген сенім. Сірә, Юрий дұрыс істеп жатқанына сенді, бірақ біз білетіндей: тозаққа апаратын жол ізгі ниетпен төселген.

Жан тапсыруға кетті

Ол ұзақ соғыспады: бірнеше аптадан кейін қайтыс болды. Қаңтар айында оның денесі Донбасстан отанына қайтарылды. Қазақстандық Бахмут маңында көз жұмды. Онда өткен жаздан бері қанды қақтығыстар жүрген еді. Ол еріктілер қатарына әлеуметтік желілер арқылы жазылған көрінеді. Оның парақшасында жүк көліктері туралы жазбалардан басқа «Вагнер ЖӘК» және Украинадағы соғыс туралы жарияланымдар бар. Сонымен қатар, марқұм «Ресей Федерациясының арнайы әскери операциясы» туралы топтың мүшесі болған. Олар өткен шайқастар туралы ақпаратты, сондай-ақ қайтыс болғандар туралы хабарламаларды жариялайды.

Юрийдің марқұм болғандар қатарына қашан қосылғанын айту қиын. Жерлеу күні бірнеше рет кейінге шегерілді. Бұған қазақстандықтың денесін белгіленген мерзімде отанына жеткізу мүмкін болмағаны себеп болған көрінеді.

Асығып Ресейге жетті

Юрийдің отбасы журналистердің сұрақтарына жауап беруге асықпады, марқұм болған жауынгердің өмірі туралы толық ақпарат алу мүмкін болмады. Ол туралы бірнеше қызықты деректерді тек әріптестері ғана айта алды. Олардың бірі Юрийдің Украинадағы соғысқа бару туралы жоспарымен бөліскенін растады.

— Иә, Ресейге баруға асыққан еді. Және екінші ретте ол жаққа кете алды. Бірінші рет жазда баруға тырысқан, бірақ менің білуімше, Қазақстан оны белгісіз бір себептермен елден шығармады. Бармауға барлығы көндіруге тырысты, бірақ ол ешкімді тыңдамады. Өзін асыра бағалады, өзіне тым сенімді болды, бір орында отыра алмады. Тіпті балалы болғаны да оған кедергі болмады. Ол ақша тапқысы келді, келісімшарт бойынша бәрімізден де артық ақша тауып келемін деді. Бірақ өзі ешкімді үгіттеп, шақырған жоқ. Менің ойымша, оның жұмыста жолдастары болды, олар Ресей мен Еуропаға жол жүретін, солар үгіттеген көрінеді», — дейді оның танысы тілшілерге. Юрийдің неліктен қайтыс болғанын айту қиын. Бәлкім, егер ақшаға қызықпаса, ол ұзақ әрі бақытты өмір сүрер еді, бірақ тағдыры осылай болған секілді.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Қазақстан
Фариза Сагындыкова 16.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Еліміздегі ең әдемі бес мекен
  • Ақтөбеде жұмыссыз жүрген азамат тұрғынның атына 4 бірдей онлайн несие рәсімдеген
  • Қырғыз бен тәжік соғысты доғаратын «тарихи келісімге» келді
  • Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан
  • 104 жастағы әжей парашютпен секіріп, рекорд жаңартты

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Ақтөбеде жұмыссыз жүрген азамат тұрғынның атына 4 бірдей онлайн несие рәсімдеген

04.10.2023
Саясат

Қырғыз бен тәжік соғысты доғаратын «тарихи келісімге» келді

04.10.2023
Атақ және ақшаСпорт

104 жастағы әжей парашютпен секіріп, рекорд жаңартты

04.10.2023
Білім

Қазақстанда алғаш рет Ұстаздар күні 5 қазанда тойланады

04.10.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?