Белгілі саясаттанушы заңды сақтау керектігіне сенімді, және бұл кімге болсын қатысты — белгілі оппозиция қайраткерлеріне де, басқасына да.
Шибутов өзінің телеграм-арнасында сөзбе-сөз былай деп жазды:
«Әлеуметтік желілердегі әртүрлі оппозициялық аккаунттардан 9 сәуірде болған келісілмеген митингтерді ұйымдастырушылардың тұтқындалуын және оларға айыппұл салынуын адам айтқысыз қуғын-сүргін деп атаған жазбаларды байқаймын. Қызық екен, онда заң қайда қалды? Келісілмеген митинг ұйымдастырсаң, ол үшін жауапкершілік бар, және оны көтеру керек. Олардың барлығы ересек адамдар және кез-келген әрекет үшін жауапкершілік бар екенін түсінеді. Бүгін бір жұмсақтық танытсақ, ертең бүкіл жерде хаос орын алады.
Сол себепті, мемлекеттің әлеуметтік желілердегі оқырмандарының санына және танымалдылығына қарап адамдарды әртүрлі топтарға бөлуді тоқтатқаны, керісінше, дұрыс болды. Айта кетелік, мұндай сын негізінен «оян» деушілердің аккаунттарынан байқалады, ал олар дәл өздері келісілмеген митингтер үшін тұтқындалуды былай қойып, ешқашан айыппұл да төлемеген. Алайда, Мамаймен салыстырғанда, оларды тіпті 2022 жылдың 4 қаңтарындағы үндеулері үшін тергеуге да шақырмаған, ал осының өзі белгілі бір күдік туғызады.
Барлық азаматтардың заң алдындағы бірдей жауапкершілігі үрдісі жалғаса берсе жөн болар еді. Тек солай ғана заңдылық пен тәртіп орнаған қоғамға келе аламыз».