Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында дебютін өткізді.
Конференция лигасының плей-офф раундының алғашқы матчында Түркия клубы Киевтің «Динамосымен» кездесті.
Екінші таймда Артур Масуакуды алмастырған Зайнутдинов матчтың 95-минутында мергендік танытып, жеңіс голын соқты.
Бахтиерді Ыстамбұл клубы ЦСКА-дан 4,5 млн еуроға сатып алған.