Британдық The Economist журналы Ресейдің геосаяси одақтастары индексін түзген. Оның ішінде Өзбекстан 12-орында тұр.
Индексте
Өзбекстанның Ресейге қарсы БҰҰ резолюциясына дауыс бермегені атап өтілген.
- Алайда Ресейге қару тасымалдамағаны, ҰҚШҰ-ға мүше емес екені, сонымен бірге былтыр бірлескен әскери жаттығуға қатыспағаны айтылған.
- The Economist мәліметінше, Өзбекстан Ресей газына тәуелді емес. Бірақ екі елдің сауда қатынасы бірнеше пайызға өскен.
- Ресейдің геосаяси одақтастары тізімінде Армения, Беларусь, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан бар.