Бұл жөнінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев сәрсенбі күні өткен су ресурсын тиімді пайдалану жөнінде жиналыста айтты.
Президенттің айтуынша, арналар мен арықтарды бетондау маңызды міндеттердің біріне айналады.
Қазір Науаи, Хорезм және Бұқара облыстарында су босқа жерге сіңіп кетіп жатыр. Соның салдарынан су арналарының аяғында орналасқан 175 мың гектар егістікке су жетпей қалады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Су жоғалту салдарынан экономика жыл сайын 5 миллиард доллар табыстан айырылып отыр,
деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Соған байланысты су шаруашылықтарында «су арналарын бетондау жылы» жарияланды. 2024 жылы елде 1500 шақырым, ал 2025 жылы кем дегенде 2 мың шақырым су арнасы бетондалады.