Өзбекстанның ОСК деректері бойынша, сайлаушылар тізіміне 19 млн 593 мың 838 азамат енгізілді, 14 округтік сайлау комиссиясы, 10 784 сайлау учаскесі құрылды.
Шетелде жүрген өзбекстандықтар үшін 39 елде 56 сайлау учаскесі ашылды. Қазақстан территориясында, атап айтқанда Астана, Алматы және Ақтау қалаларындағы Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктерінде сайлау учаскелері ашылды.
Сайлауға төрт үміткер қатысты. Экологиялық партия өз көшбасшысы Абдушукур Хамзаевты, Халықтық-демократиялық партия өз көшбасшы Ұлықбек Иноятовты, «Адолат» социал-демократиялық партиясы — Жоғарғы Сот төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Робахон Махмудовты, ал «Ұзлидеп» басқарушы партиясы — қазіргі президент Шавкат Мирзиёевті ұсынды.
ОСК-ның 9 шілдедегі мәліметінше, сайлауға халықтың 69,85 пайызы қатысып, 13 млн 459 мың 677 адам дауыс берген.
Сайлау нәтижесі 19 шілдеге дейін жарияланады. Жеңіске жету үшін кандидат 50 пайыздан жоғары дауыс жинауы керек.