Өзбекстандық блогер күйеуіне ерекше сыйлық жасап, жұртты таң қалдырды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада әйелі сүйікті жарының туған күнінде романтикалық тосын сый жасаған. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.
Блогер тосын сыйды жүзеге асыру үшін мерекелік залды жалға алған. Күйеуіне салтанат залының ортасындағы үлкен қорапты ашуын өтінеді. Оның ішіне блогер өзі рұқсат берген сыңай танытып, екінші әйелді жасырып қойған. Күйеуін сендіру үшін тіпті қалыңдыққа дәстүрлі той көйлегін кигізген. Мерекелік атмосфера үшін отшашуға да тапсырыс берген.
Мұндай сыйлықты күтпеген ол жұбайының бұл әрекетін жоғары бағалады. Жұптардың бірге түскен романтикалық суреттері де қызу талқыға түсіп үлгерді.
Өзбекстанда көп әйел алуға заңмен тыйым салынған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бейнежазба авторымен профилактикалық түсіндіру шарасын жүргізді. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.
Заң бұзғандарға айыппұл, қоғамдық түзеу жұмыстары немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
