Сүйінші, қазақ елі!
Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды.
Отандасымыз кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінде германиялық Винченцо Гуалтьериді жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтьеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.
Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!
деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта екі чемпиондық белбеуге қол жеткізді.