Қазақстанның орта салмақтағы боксшысы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша ресми түрде әлем чемпионы деп жарияланды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Жәнібек Әлімханұлын WBO (Дүниежүзілік боксшылар ұйымы) ресми тұрде әлем чемпионы деп жариялады.
Америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) орта салмақтағы WBO титулынан бас тартып, екінші орта салмаққа ауысып, белбеуге үміткер Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартты. Осылайша, WBO Қазақстан боксшысын титулдың толық иегері деп ресми жариялады.
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы «уақытша» чемпионнан толық чемпион мәртебесіне бірден ауыстырылды,
делінген WBO хабарламасында
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мамыр айында британдық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион белбеуін жеңіп алған еді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан шыққан төрт боксшы әлемдік деңгейдегі боксшы атанғаны хабарланған еді.