24 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін 2 миллион теңгеге сатпақ болған.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен жеті адам қамауға алынды. Олардың әрқайсысының рөлдері нақты бөлінген, деп хабарлайды Polisia.kz.
24 жастағы келіншек онымен бірге тұратын 21 жастағы жігітпен бірге алты күндік сәбиін сатпақ болған. Олар сатып алушыны нәресте дүниеге келгенге дейін тауып қойған. Баланы Алматы қаласының тұрғындары алғысы келді – 48 жастағы У.есімді азамат және 46 жастағы Е.есімді азаматша. Тараптар 2 миллион теңгеге келіскен. Мәміле өткен демалысқа жасалған,
деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Алайда күдіктілердің жоспары іске аспады. Криминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармалары қызметкерлері мәміленің қалған сомасын бір-біріне беру кезінде сатып алушылар мен делдалдарды бір уақытта ұстаған. Бірінші қыздың биологиялық ата-анасы ұсталды. Артынша әлеуетті сатып алушылар және ерлі-зайыпты делдалдар қолға түсті. Ұсталғандар қатарында ақшалай сыйақы үшін баланың құжаттарын рәсімдеу міндетін өз мойнына алған 56 жастағы А.есімді азаматша да бар.
Кездесу кезінде делдалдардың қолында тағы екі сәбиі болған, болжам бойынша үш және және айлық балалар. Ер адам бұлар өздерінің балалары екенін айта бастады. Алайда олар балалардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсете алмады. Осылайша, осы арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктілерден үш сәби алынды. Олар медициналық мекемеге тексерілу және қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жеткізілді,
деді Аханов.
Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысқа сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды