Алтай Көлгінов ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Астана әкімі болған еді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын,
деп жазылған Ақордадағы жарлықта.
Алтай Көлгінов1978 жылы дүниеге келген. Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
Еңбек өтілі:
- 2000-2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен;
- 2001-2008 жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарады;
2008-2010 жылдары — «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының орынбасары; - 2010-2012 жылдары Президент әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
- 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
- 2013 жылдың 4 сәуірінен Орал қаласының әкімі.
- 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.
- 2019 жылдың 13 маусымнан бастап Астана қаласының әкімі қызметін атқарды.