Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Жаңа жыл қарсаңында бағаның өсу ықтималдылығын жоққа шығармады.
Тұтыну бағаларының индексінде 550 базалық тауар қарастырылады, мандарин сынды жемістер, әрине, оған кірмейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұмыртқа — белсенді тұтыныстағы тағам. Маусымдық баға өсімі бәрібір орын алады, әсіресе Жаңа жылға дейін. Бірақ экономикамыз осындай сипатта жұмыс істейді.
Одан кейін бағалар тұрақтанады деп үміттенеміз,
деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.
15 желтоқсанда Сауда министрі Арман Шакқалиев Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша баға индексінде өзгерістер жоқ екенін мәлімдеді.