Categories: Денсаулық

Жаңа жыл мерекесіне ағзаны қалай дайындау керек?

Оливье, мандарин, бешбармақ, бауырсақ пен тәтті бәліш…Жаңа жыл мерекесінде дәмді тағамның түр-түрін дайындап, дастарқан жаямыз. Алайда мұның бәрі асқаназанымызға ауыр тиіп жататыны да бар. Сол себепті мамандар мерекеге дейін ағзаны дайындаған жөн екенін айтады.

Диетолог Ева Шишкинаның 5 кеңесін ұсынамыз:

Көкөніс жеу.

Көкөніс — бағалы тағам. Оның құрамында түрлі витамин, жасуша бар. Мысалы, картоп — крахмалға, ал асханалық қызылша — қантқа, қырыққабатта — С витаминіне, ал сәбіз — Д витаминіне бай. Оның үстіне тез қорытылып, асқазанға ауырлық түсірмейді. Жалпы көкөністен әр ас жанына түрлі салат жасап жеуді әдетке айналдырған дұрыс.

Майлы, тұзды, ащы, тәтті, кофе және сүт — бәрінен бас тартамыз

Бұлар — асқазанға ауыр әрі зиян заттар. Оған қоса артық салмақ қосуыңызға да себеп болады. Сондықтан мұндай тағам түрлерін тұтынбас бұрын ойланған жөн.

2 литр су ішу

Күніне кемінде 2 литр су ішу керек. Таңертең тұра сала су ішсеңіз, ағзаңыздың да сергек оянуына әсер етеді. Әр тамақтанар алдында жарты-бір сағат бұрын су ішіңіз. Сонымен қатар суды лимонмен ішуге кеңес береміз.

Лимфодренаж процедураларға бару

Лимфодренаж процедуралар — физиотерпия әдісі. Ол — сұйықтық пен метаболизм өнімдерін жасушааралық кеңістіктен шығаруды қамтамасыз етеді, лимфа айналымын жақсартады.

Өз-өзіңізге мотивация беру

Бір қарағанда мұның бәрі қиын болып көрінуі мүмкін. Дегенмен салауатты өмір салтын да әдетке айналдыруға болады. Ал ол — сау денсаулықтың, сұлу көріктің кепілі. Сол себепті өз-өзіңізге қолдау көрсетіп, мотивация беріп отырған да дұрыс.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago