Қазақстандықтарға отшашу атқаны үшін айыппұл салынуы мүмкін бе?
Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл сұраққа Әкімшілік полиция комитеті жауап берді. Ведоство:
ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігі осы әрекет туралы. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
20 АЕК (2023 жылға — 69 000 теңге және 2024 жылға — 73 840 теңге) айыппұл салынды.