Америкалық кәсіпкер жаңа жылдық корпортивтік іс-шара кезінде өзінің 200-жуық қызметкеріне 38 000 фунт стрелинг, біздің ақшамен 22 000 000 теңге чек салынған конверт сыйлады.
St. John Properties жылжымайтын мүлік компаниясының негізі 1971 жылы қаланған. 2019 жылы компанияға салынған инвестиция көлемі 2,6 миллион фундқа тең. Негізін қалаушы әрі иесі Сант-Джон кішігірім құрылыс компаниясын ірі корпорацияға айналдыра білді. Сондай-ақ компания қайырымдылықпен де жиі айналысады. Компанияның құрылыған уақытынан бастап білім жүйесіне 60 миллион доллар жұмсаған.
Құрылыс компаниясының негізін қалаушы Сент-Джон қызметкерлерін ерекше бағалайтынын көрсетті. Жақсы жұмысы мен тамаша көрсеткіштері үшін осылайша алғыс білдірген.
Премия сомасы қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты есептелген. Әр қызметкер 38 000 фунд стрелинг көлемінде, яғни бір жылдық табысын алған.
Желіде пайда болған видеодан конвертті ашып, таңырқаған қызметкерлердің шынайы эмоцияларын көруге болады.