Қасым-Жомарт Тоқаев орман өрті болып жатқан Абай облысына келеді.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент баспасөз қызметі Тоқаев 11-13 маусымға жоспарланған Вьетнам сапарын кейінге шегергенін мәлімдеді.
Президент Үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, сондай-ақ апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.
Өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылды.