Актер Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында сторисінде әйелі Балжан Бидашпен суретін жариялап, «Бәрі бітті» деп жазған.
Бұдан кейін өнер иелері парақшаларында бір-бірінің сурет пен видеоларын өшіріп тастаған.

Жахан Отарғалиевтің соңғы жазбасы анасына арналған. Актер «Рахмет, мама» деп видео жариялап, онда анасының иығына басын қойып, жылап тұрады.
Оқырмандардың легі «Хайп, кезекті фильмінің жарнамасы, оқырман тарту амалы» десе, бірі Балжан Бидаштың парақшасына «Жахан сенің деңгейің емес, ауылында жүре берсін, не қыласың! Шығармашылығыңа көңіл бөл, бәрі жақсы болады» деп пікір қалдыруда.
Айта кетейік, өнерлі жұп 2020 жылдың соңында мұсылманша неке қидырып, үйленген болатын. Алайда тек биыл мамыр айында заңды некеге тұрып, дүркіретіп той жасады. Жахан Отарғалиев жұбайының көптен күткен арманын орындағанын айтқан.
Негізі той жасау мүлдем жоспарда болмаған. Бар ойым Балжанның арманын орындап, ақ көйлегін кигізіп фотосессия жасау болған. Бірақ аяқ асты екеуіміз ақылдасып: «Неге тойды 80/90 жылдардағы стильде жасамасқа?» деген идея туды. Идеяларымнан өзім қорқатын болдым. «Асығыс жасап қойған жоқпыз ба?» деген ой да болды, бірақ Аллахқа шүкір бәріне ұнады. Осындай маңызды күнімізде бізді қолдаған достарыма мың алғыс, сіздерге де ерекше рахмет! Тілектеріңізді оқып тауыса алмай жатырмыз,
– деген еді Жахан Отарғалиев.