Соңғы «жолдаудан» кейін сайтандай сап ете қалған көлік министрлігі. «Жалған техникалық байқаулардың күшін жою жөніндегі заңнамалық тетік әзірледік», дейді.
Автомобильдердің жай-күйін назарға ала отырып, техникалық байқау операторларының көлік құралынсыз техникалық байқау жүргізгені үшін айыппұлды 10-нан 150 АЕК-ке дейін (517 500 теңге) ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ көлік құралдарының иелеріне жалған техникалық байқаудан өткені үшін және операторға техникалық байқауды ұйымдастыру әрі өткізу қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар енгізілетін болады. Айыппұл мөлшері тиісінше 5 және 150 АЕК болады,
депті ҚР Үкіметінің жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі отырысында Көлік министрінің м.а. Талғат Ластаев мәлімдеді.ді Т.Ластаев.