Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 3 шілдеде сағат 17.30-де Т. Рысқұлов атындағы ауданының Шолақ Қайыңды ауылынан 12 км таулы жерден шыққан.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамнан 45 адам мен 6 бірлік арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам және 5 бірлік техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 бірлік техника күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары өрт орнына сағат 00.35-те жетті (өрт болған жерге дейінгі арақашықтық 65 км және таудың баурайымен 2 км).
4 шілдеде сағат 7.15-те жетуі қиын жердегі өртті сөндіру үшін жеке құрамды жеткізу үшін «Қазавиақұтқарудың» ЕО-19 АҚ тікұшағы оқиға орнына шықты. Бортта ТЖД бастығының орынбасары Е. Ақылбеков және департаменттің бейінді қызметтерінің қызметкерлері бар.