Мұнай өнімдеріне шекті бағаны көтеру туралы шешім – миға қонымсыз экономикалық дамудан арылудағы ұзақ жолдың бастамасы болып табылады. Белгілі экономист Алмас Чукин неліктен нарық және экономика заңдары бойынша өмір сүру керек екенін түсіндіруге тырысты.
Тауардың өз бағасы бар
«Біріншіден: тауардың өз құны бар. Мысалы, бүгінде мұнайдың бір бөшкесі 80 доллар тұрады. Және біз оны экспортқа сатсақ, 80 доллар аламыз. Бірақ оны мұнай өңдеу зауытына 40 долларға берсек,
“біз әлдекімге 40 долларды «сыйлыққа» беріп қоямыз. Ал бұл соманы бюджетке салып, қажет нәрсеге ақылмен жұмсауға болар еді
Екіншіден: өндірістің де өз құны бар. Біз несие алдық, МӨЗ-ын жаңарттық және отын өндірдік. Несиені жабу керек, қосалқы бөлшектер сатып алу керек, жыл сайынғы жөндеу бар – мұның бәріне және алдағы дамуға қаражат қажет. Бірақ
“мемлекеттің өнімге белгілеген бағасы тіпті қосалқы бөлшектерге де жетпейді
Бәлкім, содан болар, МӨЗ-тарында жыл сайын апаттар болып тұрады.
Үшіншіден: отынды жеткізу, сақтау және сату үшін де ақша керек. Бірақ көтерме мен бөлшек саудагерлерге де лайықты бағаны орнатуға рұқсат етілмейді. Және мемлекеттік бағадағы өнім де барлығына жетпейді. Ал бергенін мен нарыққа жұмыс істегенше, өзімнің тұрақты клиенттеріме талондар бойынша сатқаным артық. Ал егер мен желі емес, жай ғана шағын ауылдық жанармай құю станциясы болсам, онда мүлдем жабыла салғаным жөн.
Экономикалық коллапс – төмен бағаның нәтижесі
Осының бәрінен кейін көрші елдерге контрабандалық экспорт бар. Нәтижесінде біз экономикалық коллапсқа ұшыраймыз.
Жүк көліктері жүрмейді. Жүктер жеткізілмейді. Зауыттар мен дүкендер зардап шегеді. Құрылыс тоқтап тұр. Трактор жүрмейді.
Міне, шамамен айтқанда, «дамудың» жалпы бейнесі, ал бүгіннен бастап біз одан арыла бастаймыз деп үміттенемін».