Жапония үкіметі түгелдей отставкаға кетті, деп хабарлайды Kyodo ақпарат агенттігі. Бұл Жапония премьер-министрі Фумио Кишиданың халық тарапынан қолдау деңгейінің төмендеуі аясында кадрлық өзгерістерді жүзеге асыру жоспарына байланысты болды.
Министрлер кабинетінің шұғыл отырысы жергілікті уақыт бойынша сағат 11.30-да басталды. Жапония үкіметінің жаңа құрамы бүгін белгілі болатыны атап өтілді. Отставкаға кеткен министрлер жаңа кабинет жасақталғанша өз міндеттерін жалғастырады.
Бастапқыда кадрлық ауыс-түйіс қыркүйек айының басында болады деп күтілген еді. Бірақ премьер-министр «жаңа капитализм» экономикалық тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында ертерек бастауға шешім қабылдады. Өзгерістер азық-түлік пен жанар-жағармай бағасының шарықтауын тежеуге де байланысты екені айтылды.
Жапония үкіметін қолдайтындар аз. Халықтың 35%-ы кадрлық өзгерістерден оң нәтиже күтпейді. Ал 28%-ы үкімет алға қойған міндеттерді жүзеге асыра алмай отыр деген пікірде.