Жапония үкіметі толығымен отставкаға кетті

Жапония үкіметі түгелдей отставкаға кетті, деп хабарлайды Kyodo ақпарат агенттігі. Бұл Жапония премьер-министрі Фумио Кишиданың халық тарапынан қолдау деңгейінің төмендеуі аясында кадрлық өзгерістерді жүзеге асыру жоспарына байланысты болды.

Министрлер кабинетінің шұғыл отырысы жергілікті уақыт бойынша сағат 11.30-да  басталды. Жапония үкіметінің жаңа құрамы бүгін белгілі болатыны атап өтілді. Отставкаға кеткен министрлер жаңа кабинет жасақталғанша өз міндеттерін жалғастырады.

Бастапқыда кадрлық ауыс-түйіс қыркүйек айының басында болады деп күтілген еді. Бірақ премьер-министр «жаңа капитализм» экономикалық тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында ертерек бастауға шешім қабылдады.  Өзгерістер азық-түлік пен жанар-жағармай бағасының шарықтауын тежеуге де байланысты екені айтылды.

Жапония үкіметін қолдайтындар аз. Халықтың 35%-ы кадрлық өзгерістерден оң нәтиже күтпейді. Ал 28%-ы  үкімет алға қойған міндеттерді жүзеге асыра алмай отыр деген пікірде.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago