7 сәуірден бастап Жапония Ресейге әуе шарлары мен планерлерді экспорттауға тыйым салады. Бұл туралы елдің Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі жазды.
Шектеулер авиациялық қозғалтқыштарға, құрылыс машиналарына, электр және радио жабдықтарына, сондай-ақ болат пен алюминийге және осы металдардан жасалған барлық бұйымға қолданылады.
Айта кетейік, 28 ақпанда Жапония ресейлік 143 жеке және заңды тұлғаға қарсы санкциялар енгізген еді.