Жасанды интеллект (ЖИ) жайлы әңгімелерді біз көптеген жылдар бойы алыстан естіп қана келдік. Бірақ міне, ChatGPT – ғаламтордағы тілді өңдеуге арналған ең танымал жасанды интеллект моделі біздің өмірімізге енді. ChatGPT қазірдің өзінде бірнеше емтихан тапсырды, бірнеше шақырым әжептәуір оқылатын мәтіндер жазды, ал оқу орындарында оған тіпті тыйым салынды.
Не туралы?
ЖИ-тен қорқу керек пе, әлде бұл жақсы ма? Джеймс Баррат өзінің «Адамзаттың соңғы өнертабысы» кітабында, аты айтып тұрғандай, жасанды интеллект адамдарды күнделікті өмірдегі істерінен босатып, оларға шын мәнінде маңызды жұмыстарды жасауға мүмкіндік береді деген ойды құптамайды.
«Адамзаттың соңғы өнертабысы» – жасанды интеллект туралы кітап: бұл не, қалай жасалады және ЖИ-тің болашағы қандай. Бұл кітапта мені бірнеше нәрсе қызықтырды.
Біріншіден, автор фантаст Айзек Азимовтың робототехниканың үш заңы нақты өмірде емес, тек фантастикалық романдарда қолданыла алатынын түсіндіреді.
Екіншіден, жасанды интеллект күні-түні тынымсыз үйренуге қабілетті екендігі туралы ойланған жөн. Ерте ме, кеш пе, ол адамдарға қарағанда ақылдырақ болып шыға келеді. Бұл жағдайда инженерлер бәрімізден гөрі ақылды нәрсені қалай басқармақшы? Жасанды интеллект бақылаудан шыққанда (егер емес, шын мәнінде шыққанда) не болмақ?
Үшіншіден, жасанды интеллект көптеген мамандықтардың өкілдерін алмастыра алады, бұл тіпті қорқынышты. Егер ол өзіне-өзі код жазып алуға қабілетті болса, басқа не айтуға болады. Бұл адамдардың барлығына не болады? Біз қазір елестете алмайтын жаңа мамандықтардың болуы керемет, бірақ осыншама адамдардың қажеті болады ма.
Бір сөзбен айтқанда, жаңа болмысқа қатысты қазір жауаптардан гөрі сұрақтар көп болып тұр. Технологиялық прогресс әлеуметтік-экономикалық прогрессті басып озған кезде әрдайым осылай болады.
Автор өз кітабында жасанды интеллектті адамзат үшін пайдалы деп санайтындарға да сөз береді. Бірақ оқығаннан кейін мазасыздық сезімі кетер емес, ал ChatGPT-ден кейін бұл сезім тіпті күшейе түсті.
Кім үшін
Бұл кітап бәрімізге, әсіресе жас ұрпаққа арналған. «Адамзаттың соңғы өнертабысы» болашақтың пердесін ашады. Ол біреуді қуантады, ал біреуді алаңдатады. Бірақ біз оған қалай қарасақ та, бұл бәрібір орын алатын жайт. Сол себепті оған қандай да бір түрде дайындалған да жөн шығар.
P. S. Мәтін ChatGPT қатысуынсыз дайындалды