Аргентиналық модельмен айырылысқаннан кейін Голливуд актері Леонардо Ди Каприо Джиджи Хадидпен кездесе бастады деген қауесет пайда болды. Бұған дейін байқалғандай, актердің 25 жастан асқан қыздармен «жұлдызы жараспайтын». Шамасы, актер өмірлік ұстанымын өзгертіп, енді 27 жастағы топ-модельмен кездесіп көрмекші.
Ди Каприо мен Джиджи Хадидті папарацци Нью-Йорктегі кеште көріп қалған. Дереккөздің хабарлауынша, танымал жұп шүйіркелесіп отырғандарын жасырмады.
Джиджи Хадид актермен бұрыннан дос, жұп жалпы бірге көп уақыт өткізеді, бірақ арасында махаббат бар деуге алғышарттар жоқ. Сонымен қатар, топ-модель әнші Зейн Маликпен бірге екі жасар қызын тәрбиелеп отыр.
Сондай-ақ, дереккөз Леонардо Ди Каприо қарым-қатынаста асығыстық танытатындар қатарынан емес екенін айтады. Дегенмен, Леоның Джиджиге деген сүйіспеншілігі бары мәлім. Бұған дейін шетелдік таблоидтар модель актердің ұсынысын қабылдамады деп жазған болатын.
Біраз уақыт бұрын Ди Каприо Камилла Морронамен айырылысып кеткен болатын, бұл тамыздың соңында белгілі болды. Камила — түбірі аргентиналық сұлу, Аргентинада дүниеге келген, бірақ ата-анасы АҚШ-қа қоныс аударған. Қыздың ата-анасы жарнама мен телешоуларда ойнаған. Ерлі-зайыптылар ажырасып, бір жылдан кейін Камиланың анасы Люсия Голливуд жұлдызы Аль Пачиномен бас қосады. Ол кезде әйел 30-да, актер — 66-да болған. Камиланы Леомен таныстырған да осы — өгей әкесі.
Хадид соңғы рет әнші Зейн Маликпен кездескен болатын, одан модельдің қызы бар. Жұп 2021 жылдың қазан айында Маликтің қайын енесі Иоланда Хадидтің араласуынан ажырасты деген қауесет бар.