Жаздың басталғанына бес күн болды, ал суға батып қаза тапқандар саны күн санап артып келеді. Жаздың бірінші күні 4 адам батып кетсе, бір күн бұрын 9 адам қаза тапты. Ал кеше тағы төртеуінің денесі судан шығарылды. Барлығы тыйым салынған жерлерде шомылған.
Абай, Жетісу және Ұлытау өңірлерінде әлі күнге дейін шомылуға арналған орындар жабдықталмаған. Ал Қызылорда облысы бойынша бар жоғы 4 ғана орын бар. Алматы облысында көбісі жеке азаматтарға тиесілі. Олар Қапшағай су қоймасының жағалауында ресми түрде тіркелген.
Министр еліміздегі су айдындарында адамдардың жағдайға душар болуының бірнеше себебін атады: жабдықталмаған орында шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, мас күйде шомылу.
Соңғы 3 жылда мыңнан аса адам суға кеткен. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 69 адам құтқарылды. Ал 45 адам суға кетіп қайтыс болған.