Алматы қаласында жылу желілерін қайта жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты бірнеше көшелерде автомотокөлік қозғалысына шектеулер енгізіледі.
- 29 мамырдан 30 тамызға дейін Алмалы ауданында — Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша.
- 31 мамырынан 1 тамызына дейін Жетісу ауданында — Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін.
- 1 маусым мен 30 тамыз аралығында Әуезов ауданында — Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Сайын көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ бойынша.
Ыстық су кезең-кезеңмен беріліп отырады.
Алматы жылу жүйесі мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.