Әнші Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққалы бері туған күнін тойламайды. Бұған енесі тыйым салған. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.
Жақындап қалған туған күнімді биыл да тойламаймын. Тұрмысқа шыққанда апам (енем) «біздің ауылда келіндер туған күн тойламайды» деп айтқаннан бері тойламай келемін
деп жазды Байырбекова.
Айтуынша, ол уақыттан бері көп нәрсе өзгергенімен, енесінің сөзі жадында қалып қалған. Сондықтан туған күнін тойлауға әлі де батылы бармайтын көрінеді.
Алдын ала айтып қояйын. Мен туған күнімде де жұмыста боламын. Алла қаласа, Қазбек үйленіп, келінді болып, бір саты өскеннен бастап құда-құдағиыммен бас қосып тұру үшін тойлаймын деп ойлаймын,
деп жазды Байырбекова.
Желі қолданушылары әншінің бұл қылығына таңырқай қарады.